Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың: «Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.
2Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым! Оған сеніп, қорықпаймын да енді, Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі, Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы, Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
3Құтқарылудың қайнар көздерінен Су ала бересіңдер қуанышпен.
4Сол кезде былай дейтін боласыңдар: «Жаратқан Иеге шүкірлік етіп, Есімін атап Оған сиыныңдар, Әділ істерін ұлттарға білдіріп, Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
5Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар, Ол ұлы кереметтерді істеді, Осыны білсін жер жүзінің бәрі!
6Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар, Дауыстап қалықтата ән салыңдар: Исраил сиынған Киелі Құдай Енді өздеріңнің араларыңда Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»