Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді. Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,
2Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын! Атар таңды әніммен оятайын.
3Уа, Жаратқан, жұрт алдында Сені даңқтаймын, Ұлттардың арасында мадақтап жырлаймын.
4Себебі берік рақымың заңғар аспандай, Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
5Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
6Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.
7Құдай былай деді киелі мекенінен: «Мен шаттанып Сихемнің жерін бөлшектеймін, Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.
8Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.
9Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады, Едом жері де меншігіме айналады, Філістір елі де бойсұнып Мені қуантады».
10Кім мені қамалды қалаға кіргізеді? Кім Едом елінің ішіне енгізеді?
11Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан, Әскерімізбен бірге шайқасқа шықпаған?
12Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы, Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны,
13Зор істер істейміз Құдай жар болғанда, Жауларымызды таптайды Ол аяғына.