Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
7 verses
1Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан: «Мен жауларыңды табаныңның астына Салып бергенімше отыр оң жағымда».
2Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сен��ң, Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің,
3Сен патшалық құрған күні бағынады халқың. Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты, Сен де ұдайы жасара түсетін боласың.
4Жаратқан былай деп ант берген еді, Онысын ешқашан да өзгертпейді: «Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің, Мәңгі сондай болып қала да бересің!»
5Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады, Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,
6Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды, Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.
7Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады, Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.