Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым. Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің Қақпаларыңның алдында тұр сенің.
2Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.
3Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.
4Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
5Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,
6Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
7Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.
8Құдай Иеміздің киелі үйі үшін Иерусалимге зор игілік тілеймін.