Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1«Егер де Жаратқан жар болмағанда, — Деп Исраил мойындасын әр уақытта, —
2Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
3Бізге қарсы қаһары жалындағанда, Олар бізді тірідей жұтар еді,
4Су ағымындай басып тастар еді, Тасқын судай бізді тұншықтырар еді,
5Буырқанған судай басып өтер еді».
6Олардың тістеріне бізді қимаған Жаратқан Ие мадақталсын әрқашан!
7Аңшының торынан құтылған құстаймыз: Тор жыртылды, енді міне, біз азатпыз!
8Біз қолдау күтетін бірден-бір есіміміз — Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз!