Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы, Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,
2Ойларында олар сұм жоспар құрады, Күн сайын ұр��с-керіс туғызады.
3Өткір тілдері жыландай шағады, «Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.
4Уа, Жаратқан, зұлымның қолынан сақташы, Зорлықшыл жандардан мені қорғашы, Аяғымнан шалып олар құлатпақшы.
5Паңдар маған жасырын тұзақ құрды, Торларының жіптерін кеңінен жайды, Олар жүрген жолыма қақпандар құрды.
6«Сен Құдайымсың, — дедім Жаратқанға, — Уа, Ием, құлақ түрші жалынған даусыма.
7Жаратушы Тәңір Ием, мықты құтқарушымсың, Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың.
8О, Ием, зұлымға қалауын бермеші, Оның сұм ойларын табысты етпеші, Дұшпандарға көкіректерін көтертпеші».
9Жауларым мені қоршауға алды жан-жақтан, Ал зұлымдықтары ауыздарынан шыққан Өз бастарына түсе берсін әрқашан!
10Көмір шоғындай оларға жаудырылсын, Отқа не батпақты шұңқырға лақтырылсын, Енді қайтып солардан шыға алмасын,
11Жалақор адамдар елде орнықпасын, Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.
12Жаратқан жайлы білемін мына жайтты: Бейшараның хұқығын Ол сақтайды, Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
13Иә, әділдер атыңды мадақтайды, Адал жандар көз алдыңда жасайды.