Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
7 verses
1Жаратқан Иені дауыстап шақырдым, Қатты дауыспен Иеме жалындым.
2Оның алдында тілегімді ақта��дым, Қасіретімді Оған түгел аштым.
3Рухым қажығанда Сен білесің жолымды, Ал маған байқатпай жауларым торлар құрды.
4Көмек күтіп оң жағыма қараймын, Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын. Жер қалмады енді маған пана болар, Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар.
5Саған былай деп дауыстап сиынамын: «Уа, Жаратқан Ие, Сен менің баспанамсың, Бұ дүниеде маған жар тек Өзіңсің.
6Зар жылаған даусыма құлақ салшы, Өйткені мен әлсіредім тым қатты, Қуғындаған дұшпандардан құтқаршы, Менікінен тым басым күш-қуаттары.
7Тас түнектен алып шықшы жанымды, Мадақтауым үшін Сенің атыңды. Әділдер сонда қасыма жиналады, Себебі Маған көрсеттің Сен рақымыңды».