Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
20 verses
1Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды!
2Иеміз Иерусалимді қайта салар, Исраилдің айдалғандарын қайтарар,
3Жаралы жүректерді сауықтырар, Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.
4Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген, Ол барлығына да өз аттарын берген.
5Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.
6Иеміз қорланған жанды жоғарылатады, Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.
7Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!
8Жаратқан аспанды бұлттармен жабады, Жер бетіне жаңбырды жаудырады, Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.
9Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, Қарғаның шақырған балапандарына да.
10Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды, Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды,
11Қайта, риза болады Жаратқан Ие Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.
12Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта, Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
13Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан, Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,
14Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.
15Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды, Оның айтқандары лезде тарайды.
16Жаратқан қарды мамықтай жаяды, Қырауды да күлдей жерге шашады,
17Бұршақты жұмыр тастай жаудырады, Кім Оның аязына шыдай алады?
18Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды, Жылы жел соққызып, ағызады суды.
19Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын, Исраилге заңдары мен жарлықтарын,
20Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді, Олар Оның шешімдерін білмей келеді. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!