Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
2Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!
3М��дақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
4Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
5Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
6Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!