Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
11 verses
1Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені, Баспана етемін жалғыз Сені!
2Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің, Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»
3Ұлы жандар — Саған бағышталғандар, Маған өте ұнайды елде олар.
4Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар: Қасіретке молынан ұшырамақ олар. Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын, Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.
5Уа, Ием, маған жар болып келесің, Жарылқап мені амандық бересің, Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.
6Тамаша — маған тиген үлесім, Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
7Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді, Ұжданым түнде де мені ескертеді.
8Ықылас-ниетім әрдайым Иемде, Оң жағымда Ол маған жар боп келеді: Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.
9Содан жүрегім шаттыққа толады, Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады, Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
10Сен жанымды о дүниеге қимайсың, Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің.
11Шын өмір жолын маған көрсетесің, Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің, Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.