Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1Уа, Ием, жауларым сонша көбейді, Көп адам маған қарсы көтерілді.
2Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні» Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.
3Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің, Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
4Жаратқанға дауыстап жалынам, Ол жауап береді киелі тауынан.
5Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам, Содан оянып, тұрамын қайтадан, Себебі мені қорғайды Жаратқан.
6Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.
7Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы, О, Құдайым, мені құтқарсаңшы! Сен жағынан ұрып күллі жауларымды, Күшінен айырасың сол зұлымдарды.
8Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің, Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.