Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
22 verses
1Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта, Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін ��узымда.
2Тәңір Иені шын жүректен тұтамын мақтан, Байғұс бейшаралар естіп, қуансын соған.
3Келіңдер, бірге Жаратқанды мадақтайықшы, Бірігіп Оның есімін марапаттайықшы!
4Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған, Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан.
5Жаратқанға сиынып көз тіккендер жайнайды, Олар шаттанып, еш масқара болмайды.
6Жарлы болған мен жалбарындым Жаратқанға, Ол естіп, бар пәлемнен құтқарды сонда.
7Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады.
8Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!
9Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері! Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді.
10Арыстандар азыққа зәру жүре алады, Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.
11Келіңдер, балалар, тыңдаңдар сөзімді, Үйретемін сендерге Иемізді қастерлеуді.
12Сендердің қайсыларың өмірді ұнатасыңдар, Жақсы күндерді көптеп көруді қалайсыңдар?
13Онда жаман сөз ауыздарыңнан шығармаңдар, Өтірік айтудан да әрқашан сақтаныңдар!
14Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар, Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар!
15Жаратқан Ие әділдерге назар аударады, Өзіне жалынған оларға құлақ салады.
16Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады, Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.
17Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады, Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
18Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады, Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.
19Әділ жан қиындықты көп көреді, Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді,
20Оның барлық сүйектерін аман сақтайды, Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды.
21Сұрқияның зұлымдығы түбіне жетер, Әділді жек көрген жан зардабын шегер.
22Жаратқан Ие құтқарады өз құлдарын, Ол соттамайды Өзін паналағандарын.