Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
16 verses
1Сүлейменнің таңдаулы әні.
2Иісмайыңның жұпары аңқып кетті, Атың шашылған иіссудай әйгілі, Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.
3Ала кетші мені өзіңмен бірге, Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне! Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне. (Қалыңдықтың құрбылары:) Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз, Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз. (Қалыңдық:) Өзіңді ұнатқандарына осылардың, Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!
4Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын, Уа, қыздары Иерусалим қаласының. Қидардағы шатырлардай қара торымын, Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.
5Қарамаңдаршы маған тесірейе, Бетімді күйдірді күн сәулелері. Ағаларым маған ашуланған еді, Баққызып қойды содан жүзімдіктерді, Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді.
6Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жерде Бағып жүресің сенің отарыңды? Әрі сен қайда барып, түскі кезде Тынықтырып аласың қойларыңды? Мен несіне қаңғырамын бет-перде Жамылған жүгенсіздей, достарыңның Отарлары арасынан сені іздеуге? (Құрбылары:)
7Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің? Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда, Жайып бақ лақтарыңды өзіңнің Шопан қостарының маңдарында.
8Жаным, сені ұқсатам сайгүлікке Жегілген перғауынның күймесіне.
9Екі бетің көрікті сырғаларыңмен, Мойның да әп-әдемі алқаларыңмен!
10Өзіңе арнап күміспен көмкерілген Алтын сырғалар соқтырып беремін мен.
11Патшам дастарқан басына жайғасты, Иісмайымның жұпары сол тұста жайылды.
12Сүйіктім хош иісті мүр шайырындай, Кеудемде аңқып тұрған қалташықтай,
13Ен-Геди жүзімдігінің қынагүл шоғындай.
14Уа, жаным, керемет қой сұлулығың, Көгершіндей қос жанарың, сондай сұлусың! (Қалыңдық:)
15Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің! Көк шалғын болады төсегіміз біздің. (Күйеу жігіт:)
16Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай, Жұпар шыршалар уықтарымыздай.