Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады, Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!
2Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады, Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.
3Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатын Тоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.
4«Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі! Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.
5«Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді, Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, — Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».
6Жаратқанның сөздері таза да сенімді, Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.
7Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың, Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.
8Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді, Адамдар арасында арсыздық дәріптеледі.