Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
5 verses
1Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
2Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жү��егім күн сайын қасіретке кенелмек? Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
3Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
4Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын, Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.
5Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.