Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
7 verses
1Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым, Ол мінажатыма түрді құлағын.
2Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан, Айлалы тіл мен өті��ікші ауыздан.
3Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан, Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:
4Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай, Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.
5Алыс Мешехте кірме болып тұрған, Қидар шөлінде шатыр маңында қонған Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!
6Ынтымақты ұнатпайтындармен Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,
7Татулықты сүйетін жанмын мен, Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.