Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,
2Езуіміз жиылмад�� күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
3Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!
4Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді Лезде-ақ суға толтыратының секілді, Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.
5Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін:
6Олар еңіреп жүріп тұқымдарын Сеуіп тастайды егістік жерлеріне, Кейін құшақтап алып астық бауларын Қуана қайтады мекендеріне.