Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
5 verses
1Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса, Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая. Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе, Қарау��лшылар босқа тұрады күзетте.
2Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.
3Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
4Адамның жас кезінде туған балалары Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,
5«Қорамсақтарын» солармен толтырған Кісілер қандай бақытты болған, Қарсыластарымен биге барғанда Қалмайтын болады олар масқараға.