Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!
2Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
3Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
4Жаратқан Ие осылай жарылқайды Өзін терең қастерлеген жандарды.
5Сион тауындағы киелі үйінен Жаратқан Ие сені жарылқай берсін. Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
6Көресің һәм немерелеріңнің қызығын. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!