Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1Жастайынан көріп келген қыспағы Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2«Жастайымнан мол көрдім қыспақты, Алайда мені м��лдем жеңе алмады,
3Жон арқамда айдағандай соқаны Ұзынынан созылған атызы қалды.
4Бірақ Жаратқан Ие әділетті, Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5Сионды жек көрген дұшпандарының Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6Өспей жатып бірден қурап қалатын Үй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:
7Орақшының қолы соған талмайды, Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8«Жаратқан Ие сендерді жарылқасын, Бата береміз Жаратқанның атымен» Деп қастарынан өткендер тілемесін!