Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
15 verses
1Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсірші Қиындық молынан көрген Дәуітті.
2Ол Жаратқан Иеге уәде етті, Жақыптың сиынатын құдіре��ті Құдайына былай деп ант берді: «Мен кірмеймін үйімнің ішіне, Әрі жатпаймын төсегіме, Ұйқы бермеймін көздеріме, Мүлгітпеймін кірпіктерімді, Жақыптың сиынатын құдіретті Құдайы — Жаратқан Иеге тұрақты Мекен салып бермейінше».
6Сандықтың Ефратада екенін естідік, Иғарым даласынан оны таптық.
7Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік, «Табан тіренішінде» мінажат етейік.
8Уа, Жаратқан Ие, көтерілші, Тынығар киелі тұрағыңа кірші, Сандығыңмен бірге — құдіретіңнің белгісі.
9Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын, Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын.
10Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы, Тағайындаған патшаңнан бас тартпашы.
11Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан, Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан: «Бір ұрпағыңды өзіңнен тараған Мен сенің тағыңа отырғызамын.
12Келісімім мен ережелерімді Ұрпақтарың Өзімнен үйренеді. Егер соларды ұстанатын болса, Олардың ұрпақтары сенің тағыңда Әрқашан отыратын болады да».
13Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады, Оның жердегі тұрағы болуын қалады:
14«Бұл — Менің тынығар мәңгілік тұрағым, Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым.
15Бұл қаланы өркендетіп, жарылқаймын, Мұқтаждарын тамақпен қарық қыламын.
16Діни қызметкерлерге құтқаруды мол сыйлаймын, Өзіме адалдар шаттана ән-жыр айтсын.
17Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын, Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын,
18Басындағы тәжін жарқыратамын, Ал оның жауларын ұятқа қалдырамын».