Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
3 verses
1Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,
2Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.
3О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!