Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.
3Ием жаныма к��ш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.
4Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
5Сен маған дастарқан жаясың Көз алдында дұшпандарымның, Мені құрметпен қарсы аласың, Тостағанды толтыра құясың.
6Жақсылық пен мейірімділік Үлесім болады өмірлік, Жаратқан Иенің үйінде Мен қала беремін мәңгілік.