Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
11 verses
1Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер, Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,
2Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!
3Жаратқанның дауысы сулардың үстінде, Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде, Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.
4Жаратқанның даусы тым құдіретті, Жаратқанның даусы асқан айбатты.
5Оның даусы самырсынды сындырады, Ливанның самырсындарын құлатады,
6Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді, Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.
7Жаратқанның дауысы от-жалын шашады,
8Оның дауысы иен даланы шайқалтады, Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.
9Жаратқанның дауысы емендерді сілкілейді, Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді. Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.
10Жаратқан топан су үстінде тақта отырады, Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.
11Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.