Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
12 verses
1Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімнің Түкпірінен шыққан ойды былай деймін: Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.
2Күнәсін ұғып, жек көргеннен гөрі Жағымпазданады ол өзіне-өзі.
3Зұлымдық пен өтірік — айтқан сөздері, Жақсылық жасауды ойлағысы келмейді,
4Төсекте жатып та сұмдық жоспарлайды, Теріс жолмен жүріп, күнәдан бас тартпайды.
5Ал, Ием, көктей шексіз Сенің рақымың, Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың!
6Таулардай айбынды Сенің әділдігің, Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің. Сен адам мен хайуанның екеуін де Қамқорлап келесің, я, Жаратқан Ие.
7Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат, Қанатыңның астын паналайды адамзат,
8Әлеміңнің игілігіне тойдырасың, Өзеніңнің рақатына қандырасың.
9Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің, Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің.
10Сені білетіндерге рақымыңды төкші, Адал жандарға шындығыңды көрсетші.
11Менмендерге мені таптата көрмеші, Зұлымдарға да қудалата көрмеші.
12Әне, қылмыскерлер орындарынан құлады, Қайтып тұрмастай төменге лақтырылды!