Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты! Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,
2Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды, Жаратқан оны елде жар��лқайды, Жауларының еркіне беріп қоймайды.
3Ауырса ол, Иеміз оған күш береді, Төсектегі оның халін түзетеді.
4Иеме былай деп мінажат еттім: «Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием, Саған қарсы күнә жасаған едім, Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»
5Дұшпандарым жамандап былай дейді: «Қашан анау өліп, аты өшеді?»
6Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді, Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды, Барған жерлерінде сонысын жаяды.
7Мені жек көргендердің барлығы Өзара маған қарсы сыбырласады, Былай деп жамандық ойластырады:
8«Қатерлі ауру жабысыпты оған, Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»
9Тіпті дастарқандас боп нанымды жеген Сырлас досым, өзім толықтай сенген, Енді мені теуіп жіберу үшін Маған қарсы көтерді өз өкшесін.
10Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр, Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр, Оларға лайықтысын қайтарайын.
11Жауымның мені жеңіп шықпағанынан Ұғамын Сенің риза екеніңді маған.
12Адал жүрген мені аман сақтайсың, Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.
13Исраил сиынатын Құдай Ие Мадақтала берсін мәңгілікке! Аумин, иә, аумин.