Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
20 verses
1Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар, Әлемнің тұрғындары, құлақ асыңдар,
2Қатардағылар және атақтылар, Байлар мен бейшаралар, ден қойыңдар!
3Даналық сөздер шығады аузымнан, Жүрек толғанысым түсінікке толған,
4Нақыл сөзге құлағымды саламын, Домбыра тартып жұмбағымды ашамын.
5Қиын-қыстау кезде қорықпаймын, Қоршаса да мені алдамшылардың Зұлымдығы:
6әл-ауқаттарына олар Сүйеніп, зор байлығымен мақтанар.
7Ал адам жанын пенде ажалдан босатпас, Оның төлемін Құдайға бере алмас.
8Адамның мәңгі өмір сүруі үшін, Қабірге түсіп, шірімеуі үшін Төлем төлеп босатудың бағасы Тым қымбат,
9істей алмас оны адам баласы.Данышпанның да өлгенін жұрт көреді,
10Дәл солай ақымақ пен ессіз де өледі, Мал-мүлкін басқаға қалдырғанын біледі.
11Ессіздердің ойынша мәңгі өз үйлері, Ұрпақтан ұрпаққа сақталар мекендері Әрі өз аттарымен аталған жерлері.
12Ал қадірлі адам да мәңгі қалмайды, Өліп құритын хайуанға ұқсайды.
13Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
14Олар қойлардай өлімге ұшырар, Ажал олардың «бағушысы» болар, Тәндері құрып, қабірді мекендер, Ал таңертең әділдер үстемдік етер.
15Бірақ Құдай жанымды о дүниеден құтқарады, Ол мені Өзіне қабылдайтын болады.
16Уайымдама, біреу баи қалғанда, Үйінің салтанаты тым молайғанда,
17Өлгенде ол өзімен еш нәрсе алмайды, Салтанаты оған еріп бармайды.
18Тірі кезде ол бақытты сезінетін, Өркендегенде жұрт оны дәріптейтін.
19Бірақ ол да бабаларына аттанады, Өмірдің нұрынан енді ада болады.
20Байлығына мастанған ақылсыз жан Іспетті — кейін өліп құритын хайуан.