Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
14 verses
1Құдайдың таңдап алған қаласында, Оның қасиетті Сион тауында Жаратқан Иеміз теңдессіз ұлы, Ол мадақталуға әбден лайықты!
2Әсем де биік Сион тауы — Күллі әлемнің қуанышы, Таудың солтүстік жағындағы Ұлы Патшаның астанасы.
3Бекіністі сарайларында Құдай Белгілі қорғаушы, баспанадай.
4Патшалар күштерін жинаған еді, Шайқасқа бірігіп аттанған еді.
5Олар қаланы көріп, аң-таң болды, Үрейленіп, түгел қаша жөнелді,
6Бойларын қорқыныш кернеді, Толғатқан әйелдей қиналды.
7Теңіз кемелерін шығыстың дауылы Қиратқандай, құрттың Сен оларды.
8Құлағымызбен мынаны естіген едік, Әлем Иесінің қаласынан соны көрдік, Иә, Құдайымыздың осы шаһарынан: Өз қаласын нығайтады Ол әрқашан.
9Уа, Құдай, ғибадатханаңда Ойландық мейірімің жайында,
10Уа, Құдайым, Сенің атың да, Саған арналған мадақтау да Жердің төрт бұрышына жайылады, Құдіретті қолың әділдік орнатады.
11Сенің әділ билігіңе бола Шаттанады Сион тауы да, Қуанады Яһуда қалалары да.
12Сионға жақындап барыңдар, Шаһарды айналып шығыңдар, Барлық мұнараларын санаңдар,
13Қамалдарына назар аударыңдар, Сарайларын да қарап шығыңдар. Келер ұрпаққа мынаны айтыңдар:
14«Бұл Құдай — мәңгілік Құдайымыз, Деміміз біткенше Ол — жетекшіміз!»