Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
9 verses
1Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар, Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
2Себебі Жаратқан — Хақ Тағала ай��атты, Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы
3Бізге халықтарды бағындырады, Жау ұлттарды табанымызға салады.
4Үлесімізге таңдады Ол біз үшін Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.
5Құдай Ие халқының шаттық айқайымен Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.
6Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар, Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!
7Құдай — Патшасы күллі жер бетінің, Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!
8Құдай халықтарға билігін орнатты, Киелі тағына Ол отырып алды.
9Басқа ұлттардың басшылары жиналар, Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар, Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары, Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!