Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
11 verses
1Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз.
2Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз, Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да, Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да,
3Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да, Оның толқынынан тау сілкініп жатса да. (Әлемнің Иесі біздің жанымызда, Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!)
4Құдайдың таңдап алған қаласына, Алла Тағаланың киелі тұрағына Оның рақымы бұлақтың суындай Әрқашан да нәр беріп қуантуда.
5Құдай осы қаланың ортасында, Ешқашан қозғалмайды да сол қала, Құдай көмегін береді таң ата.
6Халықтар абыржи толқып, Патшалардың тақтары шайқалады, Алла Тағаланың үні естіліп, Бүкіл жер беті балқып жоқ болады.
7Әлемнің Иесі біздің жанымызда, Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!
8Келіп көріңдер Иенің істерін, Ол ойрандатты жаулардың жерлерін,
9Дүниедегі соғыстарды тоқтатып, Садақ, найза атаулыны сындырып, Күймелерді қиратты отқа жағып.
10«Тынышталыңдар барлығың енді, Біліңдер Менің Құдай екенімді! Басқа халықтар Мені құрметтейді, Дүние жүзінде Мені қастерлейді».
11Әлемнің Иесі біздің жанымызда, Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!