Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады, Өзіңе берілген анттар орындалады,
2Мінажаттар құлағыңа жетеді, Барлық адамдар алды��а келеді.
3Теріс істеріміз жаншып тұр бізді. Ал Сен кешіресің күнәларымызды.
4Қандай бақытты — Өзің таңдағандар, Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар, Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына, Киелі ғибадатханаңның рақатына.
5Құдай, құлақ саласың әділдікпен, Бізді құтқарасың керемет істермен. Саған үміт артады жер шетіндегілер Және алыс теңіздегі кемешілер.
6Сен құдіретіңмен тауларды орнаттың, Күш-қуатқа бөленіп, беліңді будың.
7Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың, Халықтардың шуылын тыныштандырдың.
8Кереметтеріңе таңғалар алыс елдер, Шығыс пен батысқа айтқызасың әндер.
9Сен жерді баптап суарып, құнартасың, Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшін Өзендеріңді суға толтырасың, Жерді Өзің солай дайындайсың.
10Соқаның іздерін суға қандырасың, Топырақ кесектерін тегіс қыласың, Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың, Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың.
11Солай жылды игілікке бөлейсің, Қайда жүрсең де молшылық бересің,
12Иен даланың жайылымдары суланған, Қыраттар құлпырып қуаныш жамылған,
13Жайылым қора-қора малға толып, Алқаптар егінменен жайқалып, Бәрі қуана айқайлайды ән салып.