Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
10 verses
1Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр, Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
2Зұлымның астыртын әрекетінен Қорғап әрі залымның бүлігінен.
3Тілдерін олар семсердей өткірлеген, Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
4Айыпсыз жанды атады тосқауылдан, Кенеттен тап береді қорықпастан.
5Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды, Құпия тор құруды жоспарлайды, «Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.
6Қаскүнемдік ойластырып, құрайды, «Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды. Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық, Жүрек түкпірлері пендеге жабық.
7Ал Құдай соларды жебемен атады, Кенеттен олар жарақаттанады,
8Өз сөздеріне бола талқандалады, Мұны көргендер олардан бас тартады.
9Күллі адамзат үрейленеді, Құдайдың істерін жария етеді, Оның керемет жасағанын түсінеді.
10Жаратқанға әділдер шаттанады, Олар Иемізден пана табады. Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.