Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
11 verses
1Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағы��ам.
2Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім, Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.
3Өмірден де артық берік — мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,
4Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.
5Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
6Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
7Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.
8Жаным тығыз байланыста Сенімен, Мені демейсің құдіретті қолыңмен.
9Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,
10Семсердің күшімен олар қырылар, Өліктері шибөріге жем болар.
11Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады, Саған бағышталғандар мақтау айтады, Ал өтірікші ауыздар жабылады.