Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
12 verses
1Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан,
2Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым ә��і заңғар қорғаным, Енді қайтып қатты шайқалмаймын.
3Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?
4Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды, Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды, Ауыздарымен бата бергенсиді, Ал жүректерінде жамандық тілейді.
5Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан,
6Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным. Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.
7Құтқарылуым, абыройым Құдайдан, Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.
8Халайық, лайым Оған сенім артыңдар, Ойларыңды Оған толық ашыңдар, Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!
9Адамзат атаулы шығарған деміңдей, Атақты, атақсыз бәрібір бекердей, Таразыға бәрін салып көргенде, Жеңіл олар шығарған деміңнен де.
10Зорлықпен алып қоюға үміт артпа, Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!
11Бірде Құдай маған былай деп айтты, Талай рет мен естігенмін мынаны: Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.
12Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың, Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.