Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
8 verses
1Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр, Мінажатыма менің ден қоя гөр.
2Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен, Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
3Себебі бас сауғалар панам болып келесің, Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.
4Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы, «Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,
5Өйткені берген анттарымды Сен естідің, Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
6Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр, Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,
7Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын, Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.
8Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын, Берген анттарымды күнде орындаймын.