Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
12 verses
1О, Құдай, Сен бізден бас тарттың, Қаһарланып бізді талқандадың, Бізге бұра гөр бетіңді қайтадан.
2Сен жерді сілкілеп, қиратқан едің, Ол шайқалып тұр, жазшы жарылған жерлерін.
3Өз халқыңның басына пәле түсірдің, Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің.
4Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің, Олар соны көтерсін деп шындық үшін.
5Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын!
6Құдай былай деді киелі мекенінен: «Мен шаттанып Сихемнің жерін бөліп беремін, Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.
7Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.
8Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады, Едом жері де меншігіме айналады, Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады».
9Кім мені қамалды қалаға кіргізеді? Кім Едом елінің ішіне енгізеді?
10Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан, Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған?
11Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы, Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.
12Зор істер істейміз Құдай жар болғанда, Жауларымызды таптайды Ол аяғына.