Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
17 verses
1Уа, Құдайым, құтқара гөр жаулары��нан, Мені сақтай гөр қарсыластарымнан,
2Арашалашы әділетсіздерден, Аман сақташы қанішерлерден.
3Уа, Жаратқан Ие, олар мені аңдуда, Маған қарсы мықтылар жиналуда. Ал не қылмысым, не күнәм болмай тұр,
4Еш кінәм жоқ, бірақ олар асығып жүр, Маған қарсы аттануға дайын тұр. Мені қорғап-қолдауға орныңнан тұршы, Мүшкіл жағдайыма көз сала көрші.
5Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі, Исраил халқының сиынатын Тәңірі, Енді көктегі тағыңнан көтерілші, Өзіңе бағынбайтын ұлттарға тап берші, Зұлым опасыздарға рақым көрсетпеші.
6Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады, Қаланы аралап иттерше ұлысады.
7Ауыздарынан жамандық бұрқырайды, Тілдері семсердей жарақаттайды, Олар «Кім естір екен?» деп ойлайды.
8Ал Сен, Жаратқан Ие, оларға күлесің, Барлық қыңыр ұлттарды келекелейсің.
9Сен менің күш-қуатымның қайнарысың, Назарымды Өзіңе аударамын, Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,
10Маған мейірім танытатын Құдайымсың, О, Құдай, алдымнан жүріп күш бересің, Жауларымның жеңілісін көрсетесің.
11Оларды құртпашы, халқым ұмытпасын, Күшпен таратшы, Өзіңе бой ұрсын, Уа, Иеміз, қалқандай Қорғаушымызсың!
12Күнә — айтқандарының барлығы да, Ауыздарынан шыққан — қарғыс пен жала, Менмендіктерімен құласын тұзаққа!
13Қаһарыңмен оларды құртып таста, Жоқ қыла гөр оларды біржолата, Сонда «Жақыпқа Құдай билік жүргізеді» Деп жер түкпіріндегілер де біледі.
14Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады, Қаланы аралап иттерше ұлысады,
15Жейтін олжа іздеп айнала шарлайды, Егер тоймаса түнде ырылдайды.
16Ал Сен пәлеге ұшырағанымда Маған болдың қорған және баспана, Сондықтан әнге салып құдіретіңді, Таңертеңнен паш етем мейіріміңді.
17Сен менің күш-қуатымның қайнарысың, Өзіңе мадақтау жырымды арнаймын. Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың, Мейірімін төгетін Құдайымсың.