Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
10 verses
1Уа, билер, шындықты айтасыңдар ма, Жұртқа әділ үкім шығарасыңдар ма?
2Жоқ, іштей әділетсіздік жоспарлайсыңдар, Елге билік айтқанда зорлық жасайсыңдар!
3Зұлымдар туғаннан-ақ жолдан адасады, Құрсақтан-ақ жаңылып, жалған айтады.
4Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай, Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамай Құлағы бітелген улы сұр жыландай.
6Уа, Құдай, олардың тістерін қиратшы, Ием, арыстандай жақтарын күйретші,
7Ағып кеткен судай олар жоғалсын, Тартқанда жебелері сынып қалсын,
8Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын, Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін!
9Тікенді бұтақ жанған от үстіндегі Қазанның тез қайнайтыны секілді, Құдайдың қаһары сол тірілерді Құйындай көтеріп алып кетеді.
10Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады, Зұлымның құрып кеткеніне риза болады.
11Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады, Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!»