Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
11 verses
1Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған, Өйтке��і үмітімді артамын Саған, Пәле-жала өткенше бас сауғалайын, Қанатыңның аясын паналайын.
2Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.
3Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды, Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды. Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.
4Айналам толы жыртқыш арыстандай, Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай, Тістері де үшкір жебе мен найзадай.
5Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
6Дұшпандарым маған арнап тор құрды, Сондықтан еңсем түсіп, көңілім қалды. Жолыма олар тұзақ құрып, ор қазды, Алайда сол орға өздері құлады.
7Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.
8Жан дүнием, ояншы, сергек болайын, Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын, Ән-жырыммен атар таңды оятайын.
9Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын, Ұлттар арасында мақтап жырлаймын.
10Себебі берік рақымың заңғар аспандай, Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
11Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын, Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!