Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
5 verses
1Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр, О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!
2Жанымды алмақ болған күллі жауларым Таңдана абыржып, масқаралансын, Маған пәле тілеген бар дұшпандарым Ұятқа қалып, кері қайтарылсын!
3«Өзіңе де сол керек!» деп табалаған Олар қарабет боп безіп кетсін сондықтан.
4Бірақ бет бұрып сиынғандар Саған Өзіңе қуана берсін шат-шадыман, Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім: «Құдайым даңқты!» деп Сені дәріптесін!
5Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Я, Құдай, маған тездетіп келе гөр! Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, О, Жаратқан Ием, кешікпей жете гөр!