Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
10 verses
1Саған мақтау айтамыз, уа, Құдайым! Сені дәріптейміз, бізге жақынсың, Паш етіледі керемет істерің.
2Сен былай дедің: «Кезін Мен белгілеймін, Әділетті сотты Өзім жүргіземін.
3Шайқалады жер күллі тұрғындарымен, Тіреулерін оның берік ұстаймын Мен».
4«Бөсуіңді тоқтат!» — дедім мақтаншаққа, «Жұдырығыңды көтерме! — дедім арамзаға, —
5Көкке қарсы да жұдырығыңды көтерме, Тоңмойын болып паңдана сөйлеме!»
6Шығыс, батыс не айдаладан келген Ешкім басқаны жоғарылатпас шынымен,
7Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді, Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.
8Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған», Іші дәмдеуіштермен араласқан Көпірген «жаңа шарапқа» толған. Оны құйып береді Жаратқан, Бар зұлымдар ішуге тиіс содан, Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан.
9Ал мен Иемнің істерін мәңгі паш етемін, Жақыптың сиынған Құдайын әндетемін,
10Өйткені Құдай Иеміз былай деген: «Мен зұлымдарды күшінен айырамын, Ал әділдің күш-қуатын молайтамын!»