Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
12 verses
1Құдай танымал Яһуда елінде, Оның аты қастерлі Исраилде,
2Тұрағы Оны�� Иерусалимде, Киелі үйі Сион төбесінде.
3Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін, Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.
4Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі Сен салтанаттысың әрі құдіретті.
5Тоналды батыл жүректі ер адамдар, Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар, Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.
6Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы, Қатты дауыспен сөктің сол жауларды, Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды: Соғыс күймелері және аттары.
7Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?
8Жердегі бейшара жандарды құтқаруға Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,
9Көктен үкім шығардың күнәкарларға, Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.
10Пенденің ашуымен де даңқталасың, Оның қалған ашуын Өзің басасың.
11Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар, Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар, Әрі соларыңды мұқият орындаңдар, Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!
12Ол әміршілердің батылдығын жояды, Жер патшаларының үрейін ұшырады.