Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың, Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
2Халқыңның кінәсіне кешірім жасадың, Барл��қ күнәларын да жауып тастадың.
3Сонда Сен ашу-ызаңды түгел бастың, Жалындаған қаһарыңнан бас тарттың.
4Құтқарушымыз Құдай, қалпымызға келтірші, Бізге деген наразылығыңды бәсеңдетші.
5Әлде мәңгі бізге қаһарлана бермекпісің, Ұрпақтан ұрпаққа ашуыңды төкпекпісің?
6Өз халқыңның Саған шаттануы үшін Өмірімізді қайтадан жаңартпаймысың?
7Бізге тұрақты рақымыңды таныта көрші, Уа, Жаратқан, пәледен құтқара көрші.
8Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына, Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына — Таңдап алған өз адал адамдарына, Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!
9Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандарды Құдай жақында құтқаратын болады, Осылайша Оның даңқты ұлылығы Елімізге орнығатын болады.
10Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.
11Адалдық жер бетінен көктеп шығады, Әділдік көктен төмен қарап тұрады.
12Шынымен Жаратқан Ие игілік сыйламақ, Содан жеріміз бізге өнімін ұсынбақ,
13Жаратқанның алдынан әділдік жүрмек, Оның жүретін жолдарын дайындап бермек.