Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
12 verses
1Өзіңнің тұрағың жер бетіндегі Қандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!
2Жан дүн��ем Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
3Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды, Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды: Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің, Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!
4Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты, Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!
5Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті Өзіңе бағытталған жандар қандай бақытты!
6Жылау аңғарымен жүріп су көздерін ашады, Содан күзгі жаңбыр жауғандай жер жарылқанады.
7Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді, Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.
8Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі, Өзіңе арнаған дұғамды ести көрші, Жақып сиынған Құдай, құлақ түре көрші.
9Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр, Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр.
10Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласында Мың күннен жақсы өткізген өзге орында. Мен қақпасында тұруды Құдайымның үйінде Артық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.
11Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды, Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды, Ол тура жолменен жүретін адамдарды Сыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.
12Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан, Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан!