Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда, Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
2Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында Керемет жақсы жайттар айтылуда.
3Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.
4Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
5Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды: «Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.
6Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде: «Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».