Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
18 verses
1Уа, Жаратқан Ием — Құтқарушы Құдайым, Күні-түні дауыстап Саған сиынамын.
2Мінажатым Сенің алдыңа жетсінші, Дауыстаған айқайыма құлақ түрсеңші.
3Өйткені жан дүнием қайғыға толды, Өмірім ажалға жақындап қалды,
4Көрге түсетіндер арасынан саналдым, Күші жоқ, әлсіз адамға ұқсас болдым.
5Осылай өлілер қатарына қалдырылдым, Қаза тауып, қабірде жатқандардаймын, Сен оларды енді қайтып еске алмайсың, Аласталды олар қамқорлығыңнан Сенің.
6Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққа Салып қойғансың, ең терең шұңқырға.
7Үстімді зілдей басады қаһарың, Мені жаншиды барлық «толқындарың»,
8Жолдастарымнан мені алшақтаттың, Оларға мені жек көрінішті қылдың, Ешқайда шыға алмай құрсаудамын,
9Көп жылап бұлыңғырланды қос жанарым. Уа, Жаратқан, күнде дауыстап Саған сиынамын, Ием, қолдарымды Өзіңе қарай жаямын.
10Әлде өлгендер үшін керемет жасайсың ба, Сүйектер қайта тұрып, Сені мадақтай ма?
11Көрде Сенің рақымың уағыздала ма, Қабірде шындығың жариялана ма?
12Түнектегілер кереметтеріңді біле ме, Ұмыт болғандар әділдігіңді түсіне ме?
13Уа, Жаратқан, дауыстап Саған сиынамын, Таң ата алдыңа жетеді мінажатым.
14О, Ием, неге менен бас тартасың? Бет-жүзіңді неліктен менен жасырасың?
15Жасымнан әлсіз болдым, өлім жүрді жақын, Айбыныңнан қорқып әлсіреп шаршадым.
16Қаһарыңның оты үстімнен басып өтті, Зор қорқынышың мені тас-талқан етті,
17Олар тасқын судай ұзақты күн қоршайды, Жан-жақтан қаһарың мені қыспақтайды.
18Таныс-достарымды менен алшақтаттың, Тас түнек айналды серігіме ең жақын.