Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
15 verses
1Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,
2Таң ата жариялап рақымыңды, Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,
3Он ішекті аспапта әсем күй тартып, Жетіген және домбырамен қосылып.
4Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын, Ұлы істеріңе қуана ән саламын.
5О, Ием, қандай керемет Сенің істерің, Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің!
6Ессіз адам ғана бұларды білмейді, Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:
7Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды, Заңсыздық істейтіндер өркендейді, Ал кейін олар мәңгілікке құриды.
8Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің!
9О, Жаратқан, жауларың Сенің, Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды, Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.
10Маған жабайы бұқадай күш бердің, Басыма май жағып әлдендірдің,
11Жауларымның күйрегенін өзім көрдім, Маған қарсы бас көтерген зұлымдардың Жеңілісі туралы хабар алдым.
12Әділ жан құрма ағашындай өркендейді, Ливандық самырсындай өсіп биіктейді,
13Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды, Құдайымыздың ауласында құлпырады,
14Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді,
15«Жаратқан мінсіз, Ол — қорғанар жартасым» дейді, Осылай Оның әділдігін паш етеді.