Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
5 verses
1Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде, Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке. Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,
2Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген, Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.
3О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді, Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,
4Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі, Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!
5Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді, Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.