Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
9 verses
1Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын, Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,
2Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін, Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,
3Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін, Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.
4Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін, Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.
5Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз, Құдайымыздың атынан ту көтереміз, Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.
6Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын Аман сақтайтынын енді білемін, Жауап береді оған киелі көгінен, Құтқарады оны құдіретті қолымен.
7Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен, Басқалар мақтанады тұлпарларымен, Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.
8Сол халықтар құлайды жығылып, Ал біз нық боламыз берік тұрып.
9Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр, Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.