Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
13 verses
1Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады, Құтқарғаныңа шексіз шаттанады.
2Оған жүрегінің қалауын сыйладың, Сұраған тілектеріне�� бас тартпадың.
3Игіліктер сыйлап оны қарсы алдың, Саф алтыннан басына тәж кигіздің.
4Өмірін сақтауды сұрағанда Өзіңнен Тіпті мәңгілік өмір сыйладың Сен.
5Жеңіс беріп оны даңққа бөледің, Абырой мен салтанатқа кенелттің.
6Сен патшаны мәңгілік жарылқадың, Қасыңда болу қуанышын сыйладың.
7Себебі патша Жаратқанға сенім артады, Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады.
8Өзіңді жек көргенді іздеп табасың, Бар жауыңды күшпен ұстап аласың,
9Келгеніңде отты пешке тастайсың, Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың, Оттың жалынымен түгел жалмайсың.
10Жау ұрпақтарын жер бетінен құртасың, Адамзат арасынан жоқ қыласың.
11Олар саған қарсы қастандық ойлайды, Алайда соны орындай алмайды.
12Жебе тартып беттерін нысана етсең, Оларды кері қайтуға мәжбүрлейсің.
13Уа, Ием, көтеріле гөр құдіретіңмен, Күш-қуатыңды даңқтаймыз ән-күйменен.